Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
Алексей Овчаров, ШҚО, Белоусовка ауылының әкімі, ҚХА-ның «Ұлы даланың Ұлтаралық тілі» форумына қатысушы:
Қазақстанда қазақ тілі қашанда бірінші орыннан көрінуі керек деп есептеймін. Мемлекеттік тіл – бұл Ту, Елтаңба, Әнұран сияқты мемлекеттің нышаны болып саналады. Қазақ тілдің беделін одан әрі нығайту үшін ең алдымен, мемлекеттік тілді білуге қажеттілік туғызу керек. Ол үшін мемлекеттік мекеме басшылары қоластындағы қызметшілеріне қазақ тілді білудің міндеттілігін түсіндірумен қатар, оқуға қабылдау, қызметке алу кезінде үміткердің ұлтына қарамай, мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесін ескеруі керек. Жұмыс барысында мемлекеттік тілді қолдану керек. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге біз атсалыспасақ, кім атсалысады?! Мысалы, мені ешкім қазақ тілін үйрен деп қинаған жоқ. Қазақ тілін өзім үйрендім және осы үйренгендерім бүгінде өз қажеттілігіме жарауда. «Өмір сүріп жатқан елге деген құрмет, мемлекеттік тілді меңгеруден басталады» демекші, барша қазақстандықтарды тіл үйренуге шақырамын.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік