Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДэвис Кубогының бірінші әлемдік тобы аясында Қазақстан мен Дания құрамалары кездеседі. Матч қарсаңында команда капитандарының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин Хольгер Рунесіз де Данияны жете бағаламауға болмайтынын ерекше атап өтті.
Көшбасшысы болмаса да, Дания командасы өте мықты, матчта жеңіске жетуге және ең жоғары деңгейде болуға дайындық үстіндеміз. Біз көптен бері туған жерімізде ойнаған жоқпыз және жеребе бізге өз жерімізде өнер көрсетуге мүмкіндік бергеніне қуаныштымыз. Менің ойымша, трибунадан қысым болмайды, біз үшін позитивті, халық бізді қолдайды деп ойлаймын. Бізде команда жаңартылды, таңдауға тұрарлықтай. Жас команда жиналды, барлығы да ойнауға деген құлшынысы асып тұр. Даниялықтардың қойған мақсаттары жоғары, қолымыздан келгенше барынша күшімізді саламыз. Жұптық ойынға және кім ойнайтынына келетін болсақ, біз әртүрлі нұсқаларды қолданып көреміз деп айта аламын. Біз бірінші күннің нәтижелеріне сүйенеміз, - деді Щукин.
Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы матчтар Астанада 14-15 қыркүйекте өтеді.
Ойындарды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?