6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМинистр Юрий Ильин Түркістан облысындағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.
"Елді мекендерді аралау жалғасуда. Жедел шараларды ұйымдастырумен құтқару бөлімшелері мен ЖАО жағдайды тұрақтандырды. Арыс қаласында бір үй су астында қалды. Елді мекендерде негізінен аула аумақтары су астында қалды, онда суды сорып шығару жұмыстары жүргізілуде" деді Төтенше жағдайлар министрі.
Осыған дейін Төтенше жағдайлар министрінің Түркістан облысына баратындығы туралы хабарлаған болатынбыз.
Бүгінгі таңда Түркістан облысында су бұру жұмыстары жалғасып жатыр.
Ал Кентау қаласы мен Сауран ауданында төтенше жағдай жариялануы мүмкіндігі бар екенін жазған едік.
Төтенше жағдайлар министрлгінің мліметі бойынша Түркістан облысында 204 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі