6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЮНЕСКО бас директоры Одри Азуле қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Ол кезінде біздің елге жасаған ресми сапары ерекше есінде қалғанын айтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Париждегі ЮНЕСКО кеңсесіндегі осы тамаша мерекеде тұрып, қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Бұл бірнеше елді музыкасы және ұлттық тағамдарымен біріктіріп отырған және бәріміз үшін ортақ керемет мереке. Бәріңізге бақыт тілеймін!, - деді ЮНЕСКО бас директоры Одри Азуле.
ЮНЕСКО штаб-пәтері Наурызды халықаралық деңгейде атап өтті. Дипломаттар мен қонақтарды 13 мемлекеттің елшілігі қарсы алды. Олардың арасында Қазақстан, Қырғызстан, Иран, Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан, Ирак және Моңғолия бар.
Біріккен Ұлттар Ұйымы 21 наурызды Халықаралық Наурыз күні деп жариялаған. Биыл содан бері 15-ші рет аталып өтіп жатыр. Наурыз мейрамы 2009 жылдан бері адамзаттың материалдық емес мұра тізіміне енгізілген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі