30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыӘлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған, Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген түбі украиналық Марина Заневскаямен шеберлік байқасты. Теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен, М.Заневская бұдан кейін қатарынан үш геймді алды – 4:1. Юлия да қалыспай, есеп 3:5 болғанда, қарсыласының сетті алуына мүмкіндік берген жоқ – 7:5. Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық теннисші өз геймін пайдалана алмады. Әйтсе де тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:3).
Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнайды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды