6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанның екінші, әлемнің 73-ракеткасы Юлия Путинцева Бейжің WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 30-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасты.
Жекпе-жектің фавориті чехиялық спортшы саналғанымен, Юлия Путинцева 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.
Екі сағат 7 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Юлия 13 брейк-пойнттың бесеуін мүлтіксіз пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Юлия Путинцева 1/8 финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы, франциялық Каролин Гарсия немесе рейтингте 88-орында тұрған украиналық Катерина Байндлдің біреуімен таласады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі