Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліФристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Галышева жартылай финалға дейін жетіп, сол жерде франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді.
Үшінші орын үшін өткен жарыста қазақстандық спортшы канадалық Майя Швингхаммерден басым түсті.
Алтын медальді Перрин Лаффон жеңіп алса, екінші орынды АҚШ спортшысы Джейлин Кауф иеленді.
Анастасия Городко тоғызыншы орынға табан тіресе, Аяулым Әмренова 29-шы нәтижені көрсетті.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс