30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБейнеконференция форматында 20-шы Қазақстан-Қытай консулдық консультациялары өтті, деп хабарлайды El.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық делегацияны ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, қытайлық делегациясын ҚХР СІМ Консулдық департаментінің директоры У Си басқарды.
Кездесу барысында тараптар «сағаттарын теңестірді» және азаматтардың өзара жол жүруін жеңілдетуге, консулдық мәселелер бойынша шарт-құқықтық базаны одан әрі кеңейтуге, екі ел аумағында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ Қазақстанның Қытайдағы және Қытайдың Қазақстандағы консулдық мекемелерінің географиясын кеңейтуге байланысты консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын талқылады.
«Барлығымыз үшін қазіргі күрделі жағдайларда осындай консультациялар өткізу Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтып, пандемиядан кейінгі кезеңдегі өзекті консулдық мәселелерді шешу бойынша ортақ күш-жігерді үйлестіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Б.Ақатаев.
Қазақстан тарапы ҚР азаматтарына, бірінші кезекте Қытай оқу орындарында білім алушыларға ҚХР визаларының барлық санаттарын беруді тез арада қайта бастау мәселесіне бастамашылық жасады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тұрақты негізде консулдық мәселелер бойынша ынтымақтастықтың өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға және ұлғайтуға дайын екендігін растады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды