22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақ үшін ыстық шайдың орны бөлек. Шай ішпесе басы ауыратын адамдар ауа райының ыстығына да қарамайды. Алайда мамандардың сөзінше, сүйікті сусын денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Онколог мамандар температурасы 56-70 градустан жоғары болатын ыстық сусынды жиі ішу өңеш пен асқазан обырының даму қаупін арттыратынын алға тартады. Бұл туралы Роспотребнадзордың эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығына қарасты CMD молекулалық диагностика орталығының онкологы Мария Чистякова Газета.Ru-ға берген сұхбатында айтты.
Онколог бұл өңеш обыры онкологиялық аурулардың ең қауіпті түрлерінің бірі саналатынын тілге тиек етеді. Ауру органның ішкі қабатын құрайтын жасушалардың өзгеруінен туындайды. Мұндай өзгеріс әдетте шырышты қабаттардың жүйелі түрде зақымдануынан болады, мысалы, ыстық сусын, тұзды немесе ащы тағамдарды тұрақты тұтыну.
Мария Чистякова бұл жайт обырға дейінгі өзгерістердің пайда болу ықтималдығын арттыратынын, ал олар уақыт өте келе өңеш обырына әкелуі мүмкін екенін айтты. Бұған қоса, генетикалық бейімділік, алкоголь, темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, иммунитеттің әлсіреуі, улы заттарды жұту сынды басқа да факторлар өңештің шырышты қабатына кері әсер етеді.
Сонымен қатар обырдың даму қаупін арттыратын тағы қандай жайттар барына тоқталды:
Бұл сырқаттың бәрі жасушаларды зақымдап, созылмалы қабынуға әкеледі. Нәтижесінде бұл мутациялар мен жасушалардың бақылаусыз көбеюіне себеп болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) да бұл мәліметті растайды. Мамандар шай не кофені қайнағаннан кейін бірден ішпеуге, кем дегенде 4 минут күтуге кеңес береді – сол уақыт ішінде сусын температурасы қауіпті деңгейден түсіп, қауіпсіз болады.
Өңеш обырының ерте белгілері:
Асқынған жағдайдағы белгілері:
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев