Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазгидромет орталығы 14-16 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Орталықтың хабарлауынша, солтүстік өңірлерде ыстық басылып, жаңбыр жауады.
Қатты ыстықтан кейін Қазақстанның солтүстік аймақтарына-солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдермен жаңбыр, найзағай, 15-16 шілдеде жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, желдің қатты күшеюі, сондай-ақ ауа температурасы күндізгі уақытта жайлы 25-30 градус жылыға дейін төмендеуі болжанады, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ орталық еліміздің оңтүстігіндегі ауа райы болжамын ұсынды. Олардың айтуынша, оңтүстік тұрғындарын ыстық ауа-райы күтеді. Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлеріне құрғақ ауа массалары Өзбекстан аудандарынан келіп, ыстық ауа-райын негізінен жауын-шашынсыз сақтайды. Күндізгі уақытта термометрлердің бағандары еліміздің оңтүстігінде 40-45 градус, шығыста 33-38 градус ыстық болады.
Астана:
Астанада 14 шілде күні +37 +39 градус жылы, күн бұлтанып, жаңбыр жауады. 15 шілдеде күн бұлтты болғанымен, +35 +37 градус жылы. 16 шілдеде күн бұлтанып, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +30 +32 градус жылы.
Алматы:
Алматыда 14 шілде күні +34+36 градус жылы, күн бұлтанып, жаңбыр жауады. 15 шілдеде күн бұлтты болғанымен,+34+36 °C градус жылы. 16 шілдеде күн бұлтанып, күндіз ауа температурасы +36+38 градус жылы.
Шымкент:
Шымкентте бүгін шіліңгір шілде ауа температурасы +39+41 градус жылы. 15 шілдеде күн қатты ысиды, күндізгі ауа райы +40+42 градус жылы. 16 шілдеде күн қатты ысып, термометр бағаны +42+44 градусты көрсетеді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек