2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы түрік сарапшылары, журналисттері мен бизнес өкілдері үшін дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиында сөз сөйлеген Бас консул Әлім Байел Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен президенттік сайлаудың қорытындылары туралы ақпарат берді. Дипломат еліміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі принциптері мен мақсаттары туралы айтып берген, сондай-ақ Қазақстан-Түркия ынтымақтастығындағы соңғы жағдайға ерекше тоқталды.
Биыл өткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары мен Президент Реджеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға сапары, Түркі мемлекеттері ұйымы мен АӨСШК саммиттері сияқты іс-шаралар мемлекеттеріміз арасындағы екіжақты және көпжақты ықпалдастыққа үлкен серпін беріп отыр.
Қатысушыларға, сондай-ақ, Қазақстандағы инвестициялық және бизнес мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді. Соңғы кезеңдегі рекордтық динамиканың нәтижесінде Түркия Қазақстанның басты сауда және инвестициялық серіктестерінің біріне айналып отыр. Ә. Байелдің айтуынша, Қазақстан әсіресе түрік инвесторларының еліміздегі өңдеуші секторларға қызығушылық танытатынын жоғары бағалайды. Сонымен қатар, елдеріміз Каспий арқылы өтетін транзиттік дәліз сияқты балама бағдарларды бірлесіп дамыту арқылы Еуразияның жаңа көлік-логистикалық желісін қалыптастыруда.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова