23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлу қамауға алынды. Бұл туралы A Haber телеарнасына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шаһар басшысымен қатар тағы 100-ге жуық адам қамауға алынған. Олардың қатарында мэрдің баспасөз хатшысы да бар.
Ыстамбұл мэриясына қатысты жемқорлыққа қарсы ауқымды операция басталғаны хабарланды. Прокуратура бұл істің қалалық тендерлерді өткізуіне және шенеуніктердің елде тыйым салынған «Күрдістан жұмысшы партиясымен» ықтимал байланыстарын анықтауға қатысты екенін мәлімдеді.
Құқық қорғау органдары мэрдің үйінде тінту жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар кеше Ыстамбұл университеті Имамоғлудан дипломын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдады. Бұл оның алдағы президенттік сайлауға түсуіне кедергі келтіруі мүмкін.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік