Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?23 маусымда Ферғана облысының Риштан облысында тұратын азаматтың үйінен Қырғызстанның Баткен облысы Қадамжай ауданына апаратын жер асты жолы табылған.
жер асты жолы жайында Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарлаған. Бұл хабарға қарағанда, Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен облыс полициясы арнаулы операция кезінде жүк көлігін тоқтатқан. Көліктен IPhone 13 Pro Max, Samsung Galaxy S 22 ultra, RedMi Note 11 маркалы 2707 смартфон табылған. Тауардың жалпы құны 15 миллиард сумға бағаланған.
Көлік иесінің үйін тінтігенде жер асты жолы табылған. Жолдың ені 1-1,5 метр , биікті 2 метр, ұзындығы 130 метрге жуық боп шыққан. Құқық қорғау органдары жариялаған видеодан жер асты жолының бетондалғаны, ішінде жарығы мен лифтісі бар екені көрінеді.
Құқық қорғау органдары таратқан хабарда, жер асты жолы Қырғызстаннан Өзбекстанға тауар тасуға пайдаланылғаны айтылған.
Бұған дейін де екі елдің арасында валюта мен түрлі тауар тасуға пайдаланып жүрген екі жер асты жолы табылғаны хабарланған.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары