Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан YouTube платформасында қаралым жинау жағынан әлемде үздік ондыққа кіреді. Бір күнде қазақтілді контент 7 млн қаралым жинайтын көрінеді. Бұл туралы елордада өтіп жатқан қазақ тілді контентке арналған форумда журналист Нұрмахан Мұқанұлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Форумдағы сессиялардың бірінде телеарна YouTube платформасымен бәсекелес бола алмайтыны жөнінде пікірталас туындады.
Спикерлердің бірі Қазақстан телеарналар нарығын 17 млрд теңге қаржы айналымда жүретінін айтып қалды. Дегенмен форумға қатысушылар телеарна мен YouTube-тегі контент арасында айтарлықтай айырмашылық барын айтты.
YouTube телеарнаға қарағанда 10-12 жылға алға кетіп қалған. Телеарна саласы біз YouTube-ке сай дүниелер ұсына аламыз ба деген сұрақпен жаңа контент жасауы керек. Әлемдік телеарналардың контенті YouTube-пен бірге арнаға да бір уақытта шығады. Біздің медиаға да бұл тәжірибе керек, - деді ютубер.
Сонымен қатар ол телеарнаға қарағанда YouTube платформасындағы қазақтілді контент рейтингі жоғары екенін атап өтті.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады