Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әнші Димаш Құдайбергенмен кездесіп, жастар шығармашылығын дамыту жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды El.kz
«Әлемге әйгілі әнші студенттік шығармашылықты дамыту және студент жастардың қатысуымен болатын жобалары жөніндегі идеяларымен бөлісті.⠀ Сонымен қатар шығармашылық индустрия және мәдениет саласындағы менеджмент саласына қажетті кадрлар даярлау мәселесі де талқыланды», - деп жазды министр.
Министрдің айтуынша, әншінің ұсынған идеялары министрлікте қаралатын болады.
«Димаш Құдайбергеннің ұсынған идеяларын біз Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмысы барысында міндетті түрде ескеретін боламыз.⠀ Алдағы уақытта да байланысымызды үзбей, үнемі пікір алмасып тұратын болып келістік.⠀ Димаш өз мүмкіндіктері мен күш-жігерін ғылым мен білімді насихаттауға салуға дайын екендігі біз үшін өте қуанышты», - деді министр.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді