Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 40 студенті Түркия Республикасында арнайы ұйымдастырылған «Жазғы мектепке» аттанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Түркиядағы жазғы мектеп – Ахмет Ясауи университетінде жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жобалардың бірі. Бұл жобаға оқу орнының Өкілетті Кеңес басқармасы бастамашылық етті. Университет басшылығы жазғы мектеп қатысушыларымен арнайы кездесіп, сапарларына ақ жол тіледі. Университет ректоры Жанар Темірбекова жазғы мектеп студенттер үшін тек қана жазғы саяхат емес, мәдениет алмасатын мүмкіндік екенін айтты.
Алдағы екі апта бойы Ясауи университетінің 40 студенті Түркияның Анкара, Ыстанбұл, Бурса, Чанаккале, Балыкесир, Муданья, Билечик, Конья, Невшехир, Болу қалаларын аралап, семинарлар мен презентацияларға қатысып, аталған шаһарлардың тарихи-мәдени орындарын аралап, әлеуметтік құрылымы туралы ақпарат алады. Сондай-ақ студенттер Болу, Мармара, Анкара университеттеріне барып, оқу орындарының қызметі және тәжірибесімен танысады.
Айта кетейік, биыл университет студенттері «Жазғы мектеп» бағдарламасы бойынша үшінші рет Түркияға барады. Алғашқы жылы 70 студент, екінші мәрте ұйымдастырғанда 40 студент, биылғы оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен тағы 40 студент Түркиядағы жазғы мектепке жолдама алды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар