Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекИзраиль Иранның ядролық нысандарына соққы жасауға дайын екенін ресми түрде АҚШ-ты құлағдар еткен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ-тың әскери базалары толық әскери дайындық жағдайына келтірілген, ал Дональд Трамп Ақ үйде әскери жетекшілермен кеңес өткізіп жатыр.
The Washington Post басылымының мәліметінше, бұл ақпарат АҚШ барлау қызметінің деректерімен де сәйкес келеді – Израиль Иранның ядролық бағдарламасын түбегейлі тоқтатуға ниетті.
Басты деректерге тоқталсақ:
Трамп ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған шұғыл жиын өткізді. АҚШ-тың Ирактағы елшілігі дипломаттарды шұғыл эвакуациялауға дайындалуда;
АҚШ-тың Таяу Шығыстағы барлық әскери объектілері толық жауынгерлік дайындыққа келтірілген;
Иранның қорғаныс министрінің мәлімдемесі: «Егер соғыс басталса, өңірдегі барлық америкалық базаларға ешбір ойланбастан соққы жасаймыз»;
Қақтығыстың ушығуына АҚШ пен Иран арасындағы ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздердің тоқтап қалуы себеп болған;
Ұлыбритания барлық танкерлер мен кемелерге Парсы шығанағынан өткенде аса сақ болуға кеңес берді;
Мұнай бағасы 5%-дан аса өсіп, бір баррельдің құны 70 долларға жуықтады.
Израиль Иранға шабуыл жасауға небәрі 7 сағат кететінін айтты.
Жалпы, Газа секторында Израиль шабуылынан 221 журналист қаза тапты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?