Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары37 сарапшыдан құралған халықаралық комиссия XXI ғасырдың соңына дейін адам денсаулығы мен әл-ауқатына елеулі әсер етуі мүмкін 17 жаһандық қатерді саралады.
Олардың ішінде ядролық қақтығыс пен жасанды интеллектіні қасақана зиян келтіру мақсатында пайдалану адамзаттың жойылып кетуіне әкелуі ықтимал қауіптер ретінде аталды.
Ауаның ластануы, жаңа пандемиялар, климаттың өзгеруі және дәрі-дәрмекке төзімді инфекциялардың таралуы – адамзат алдында тұрған өзекті мәселелердің бір бөлігі ғана. Халықаралық комиссия осы қауіптердің 2100 жылға дейінгі ықтимал салдарын бағалап, зерттеу нәтижелерін The Lancet ғылыми журналында жариялады.
Адамзаттың жойылуына әкелуі мүмкін екі қатер
Сарапшылар 17 қауіптің ішінде екеуіне ерекше назар аударған. Олар – ядролық қақтығыс және жасанды интеллектіні қасақана зиян келтіру үшін, соның ішінде биологиялық қару жасау мақсатында пайдалану.
Ғалымдар мұндай сценарийлерді ең ықтимал жағдайлар қатарына жатқызбайды. Алайда олардың кез келгені жүзеге асса, салдары бүкіл адамзат үшін апатты болуы мүмкін екенін ескертеді.
Қалған қауіптерді де бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды. Мәселен, климаттың өзгеруі тек ауа температурасының көтерілуімен шектелмейді. Ауа райының күрт құбылуы донорлық қан жеткізу жүйесіне кедергі келтіруі мүмкін, су тасқыны қауіпті бактериялардың таралуына жағдай жасайды, ал жаһандық жылыну инфекция тасымалдаушылардың жаңа аумақтарға таралуына ықпал етеді.
Бір қауіп екіншісін күшейтеді
Ормандардың кесілуі және қоршаған ортаның өзгеруі адамдардың жабайы жануарлармен байланысқа түсу ықтималдығын арттырады. Бұл жаңа инфекциялардың адамға жұғу және пандемиялардың пайда болу қаупін күшейтеді.
Жұқпалы аурулар кеңінен таралған сайын бактериялар мен саңырауқұлақтардың дәрі-дәрмекке төзімділігі де күрделі мәселеге айналады. Зерттеушілердің бағалауынша, алдағы онжылдықтарда бұл құбылыс миллиондаған адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Комиссия атаған өзге қатерлердің қатарында ауаның ластануы, дамушы елдердегі денсаулық сақтау саласына көмектің жеткіліксіздігі, семіздік, қан қысымының жоғарылауы, темекі шегу мен алкогольді шамадан тыс тұтыну бар. Сондай-ақ балалардың жеткіліксіз тамақтануы, психикалық денсаулықтың нашарлауы, қарулы қақтығыстар, табыс теңсіздігі, білім алудың жеткіліксіздігі, салауатты қартаю мәселелері мен климаттың өзгеруі де тізімге енгізілген.
Зерттеу авторларының бағалауынша, тиісті шаралар қабылданбаса, осы 17 қауіптің жиынтық салдарынан ғасыр соңына дейін шамамен бір миллиард жылдық салауатты өмір жоғалуы мүмкін.
Ғалымдар не ұсынады?
Комиссия жаһандық қатерлердің салдарын азайту үшін үш негізгі бағытты ұсынады. Біріншісі – дағдарыстарға алдын ала дайындалып, ресурсы шектеулі қауымдастықтарға да қолдау көрсету. Екіншісі – жаңа вакциналар, дәрі-дәрмектер мен климаттық технологияларды қоса алғанда, ғылыми зерттеулерге инвестиция салып, олардың әртүрлі елдерде қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Үшіншісі – қауіптерді тұрақты бақылап, жағдай күрделенбей тұрып өзгерістерді анықтау және тиісті шаралар қабылдау.
Зерттеушілердің айтуынша, бұл тізім түпкілікті емес. Жаңа деректер мен технологиялардың пайда болуына қарай қауіптерді бағалау да өзгеруі мүмкін. Дегенмен алғашқы ауыр зардаптар байқалғанша күту қауіпті.
Сарапшылар пікірінше, алдын ала дайындық пен халықаралық ынтымақтастық ықтимал шығынды азайтып, ең осал топтарды қорғауға мүмкіндік береді.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады