23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ядролық физика институты мен Массачусетс технологиялық институты бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Ядролық физика институты Массачусетс технологиялық институтының (MIT) Ядролық ғылымдар және инженерия департаментінің директоры Майкл Филип Шорт ғылыми тобы арасындағы ғылыми ынтымақтастық бойынша екінші меморандумға қол қойды. Алғашқы меморандум 2016 жылы қойылған болатын.
Массачусетс технологиялық институты әлемнің ең үздік үш техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Университет робототехника және жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері әлемдегі ең таңдаулы оқу орны болып саналады.
Меморандум аясында ЯФИ және MIT радиациялық материалтану, сондай-ақ ядролық инженерия саласында бірлескен зерттеулер жүргізуде, PhD докторанттарды бірлесіп даярлауда ынтымақтастықты жалғастыратын болады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік