Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматы Достық үйінде балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.
Іс-шараны Алматы қаласының Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Республикалық ұйғыр этномәдени орталығы, «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» аумақтық қоғамдық бірлестігі, «Патша көңіл» қайырымдылық клубы мүшелері ұйымдастырды.
Аз қамтылған отбасының, БЦП диагнозы бар балалар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысқан «Балалар жүрегіндегі ертегі» мерекесінде оларға ойын-сауық бағдарламалары көрсетіліп, демеушілер ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар тарту етті.
«Қазақстан ұйғыр жастары одағы» АҚБ төрағасы Рустам Кайрыев: «Жыл сайын балаларға жаңа жылдық шырша мерекесін өткіземіз. Біз үшін бұл өте маңызды. Еліміздің ертеңі біздің ұрпағымызға аманат. Қайырымдылық – адам жанын нәзік ететін қасиет. Осы қасиетті бүгінгі күні біз ұрпағымызға көбірек дарытуымыз қажет», – деп, ұйымдастырушылардың мақсатымен бөлісті.
Мерекеден үлкен әсер алған жасөспірімдер де өз өнерлерін көрсетіп, қуаныштарымен бөлісті.
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек