Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазір сериал көрермен үшін жай ғана уақыт өткізудің емес, мәдени құбылыстың бір бөлігіне айналды. The New York Times 2000 жылдан бері шыққан сериалдардың арасынан үздіктерін анықтау үшін 500-ден астам сала маманының пікірін жинады. Нәтижесінде алғашқы ондыққа әлемге кеңінен танылған драмалар мен комедиялар енді.
Сауалнамаға актерлер, сценарист, продюсер, шоураннер, режиссер және телевизия саласының басқа да мамандары қатысқан. Нәтижесінде басылым XXI ғасырдың үздік 100 сериалының тізімін жариялады. Оның алғашқы ондығына драма, комедия, қара юмор және фэнтези жанрындағы танымал жобалар енді.
Дональд Гловер мен Стивен Гловер жасаған сериал Атлантадағы жас музыканттар мен шығармашылық орта өкілдерінің өмірін баяндайды.
Жоба хип-хоп индустриясын ғана емес, қоғамдағы нәсілдік және әлеуметтік мәселелерді, танымалдықты, шығармашылық ізденісті және күнделікті өмірдегі абсурдты көрсетеді. Сериалдың ерекшелігі – оның оқиғасы бір ғана жанрға сыймайды: кейде комедияға, кейде драмаға, тіпті сюрреалистік оқиғаға ұқсайды.
Ларри Дэвидтің комедиялық сериалы күнделікті өмірдегі ұсақ-түйек келіспеушіліктерді үлкен комедиялық жағдайларға айналдырады.
Басты кейіпкер әлеуметтік нормаларға, адамдардың әдеттеріне және өзіне түсініксіз ережелерге жиі қарсылық білдіреді. Сериалдың юморы ыңғайсыз жағдайлар мен кейіпкердің айналасындағылармен үнемі қақтығысуына құрылған.
Тина Фей жасаған комедиялық сериал телевизияның ішкі әлемін сатира арқылы көрсетеді.
Оқиға ойдан шығарылған телешоу түсіретін шығармашылық топтың айналасында өрбиді. Сценарийде шоу-бизнес, телевизия басшылығы, актерлер арасындағы қарым-қатынас және жұмыс орнындағы абсурдты жағдайлар әзілге айналады.
Сериалда Тина Фей, Алек Болдуин, Джейн Краковски және Трейси Морган сынды актерлер ойнаған.
HBO-ның саяси сатирасы АҚШ вице-президенті Селина Мейердің қызметі мен саяси мансабын баяндайды.
Басты рөлді сомдаған Джулия Луи-Дрейфус осы кейіпкері үшін қатарынан алты рет «Эмми» сыйлығын алған. Сериал саясаттағы бәсекелестік, мансап үшін күрес, билік пен қоғам алдындағы жауапкершілік тақырыптарын қара юмор арқылы көрсетеді.
Джордж Р. Р. Мартиннің романдары негізінде түсірілген фэнтези-сериал бірнеше әулеттің билік үшін күресін суреттейді.
Вестерос әлеміндегі тақ үшін таласқа саясат, соғыс, сатқындық, айдаһарлар мен ақ жорықшылар араласады. Сериал теледидардағы визуалды ауқымды жобалардың дамуына ықпал етіп, әлемдік аудитория арасында үлкен танымалдыққа ие болды.
Фиби Уоллер-Бридждің екі маусымнан тұратын британдық сериалы жас әйелдің қарым-қатынасы, отбасы, жалғыздық және өмірдегі дағдарыстарын қара юмормен баяндайды.
Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – кейіпкердің камераға тікелей қарап, көрерменмен үнсіз «сөйлесуі». Бұл тәсіл көрерменді кейіпкердің ішкі әлеміне жақындатады.
HBO сериалы медиа империясын басқаратын Ройлар әулетінің ішкі қарым-қатынасын көрсетеді.
Отбасы басшысы Логан Ройдың мұрагері кім болатыны негізгі тартысқа айналады. Сериал бизнес, отбасы, билік пен мұрагерлік мәселелерін қатар қозғайды.
«Mad Men» көрерменді 1960 жылдардағы Нью-Йорк жарнама индустриясына алып барады. Оқиғаның ортасында талантты жарнама маманы Дон Дрейпер тұр.
Сериал мансап пен жеке өмірдің арақатынасы, жарнама мәдениеті, қоғамдағы өзгерістер және америкалық өмір салты сияқты тақырыптарды қамтиды.
Балтимор қаласындағы қылмыс пен полиция жұмысы туралы сериал біртіндеп қаладағы түрлі әлеуметтік институттарды көрсетеді.
Жоба қылмыс әлемімен қатар полиция, саясат, білім беру жүйесі, БАҚ және қарапайым тұрғындардың өмірін қамтиды. Осы арқылы қала өмірінің күрделі әлеуметтік құрылымын бейнелейді.
Винс Гиллиган жасаған сериал химия пәнінің мұғалімі Уолтер Уайттың қылмыс әлеміне біртіндеп енуі туралы.
Басты рөлдегі Брайан Крэнстон сомдаған Уолтер Уайт бастапқыда отбасының болашағын ойлаған қарапайым мұғалім ретінде көрінеді. Алайда оқиға өрбіген сайын оның өмірі мен шешімдері түбегейлі өзгереді.
Breaking Bad 2008-2013 жылдары бес маусым бойы көрсетілді. The New York Times сауалнамасында сериал бірінші орынға шықты.
The New York Times тізіміндегі алғашқы ондыққа бес комедиялық және бес драмалық жоба кірген. Олардың қатарында қылмыстық драма, фэнтези, саяси сатира, қара юмор, бизнес драмасы және музыкалық индустрия туралы сериалдар бар. Бұл XXI ғасырдағы телесериалдардың жанрлық ауқымының қаншалықты кеңейгенін көрсетеді.
Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?