Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖұмысшы мамандықтардың беделін арттыру Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін дамыту үшін маңызды. WorldSkills Kazakhstan 2024 чемпионатында қазақстандық колледждердің басшылары осындай пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, Орал университетінің студенті Роман Юсупов WorldSkills қазақстандық чемпионаттарының бірінде жеңіске жеткеннен кейін еліміздің атынан әлемдік біріншілікте қатысуға мүмкіндік алып, ол жерде 4 орынға ие болды. Бағдарламалаудағы білімдері мен жаһандық деңгейде сәтті өнер көрсетуінің арқасында жас маман бірден көзге түсіп, оған ERG компаниясында жұмыс ұсынды. Қазір Роман WorldSkills Kazakhstan 2024 чемпионатында тәуелсіз сарапшы ретінде қатысып жатыр.
Мұнда ұсынылған әрбір жұмысшы мамандығы біздің еліміз үшін маңызды. Өнеркәсіп дамып келеді, оған кәсіби кадрлар қажет. WorldSkills стандарттарын енгізу бұған ықпал етеді. Чемпионат аяқталғаннан кейін жеңімпаздарға жұмыс берушілерден ұсыныстар түседі. Сондай-ақ олар халықаралық деңгейде өз шеберліктерін көрсете алады. Бұл оларға болашақта халықаралық компанияларға жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Сондықтан WorldSkills қозғалысы – бұл біздің қатысушыларымыз, мамандарымыз үшін үлкен тәжірибе, — деп атап өтті Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжі басшысының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Нартай Ибраев.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары