23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Әртістік жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Виктор Друзин World Aquatics халықаралық федерациясының нұсқасы бойынша «Жыл спортшысы» атағына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, бұл атаққа үміткерлер тізімінде итальяндық Джорджио Минисини, америкалық Кеннет Гауде, испандық Деннис Гонсалес, колумбиялық Густаво Санчес те бар.
Үміткерлердің біріне дауыс беру үшін World Aquatics-тың Instagram парақшасында Stories бөліміне лүпіл қойып (1 лүпіл = 1 дауыс) қатысуға болады. Сонымен қатар, жеңімпазды таңдауда осы спорттық ұйымның кандидаттарды ұсыну комитетінің пікірлері де ескеріледі.
Айта кетейік, Друзин маусымды табысты аяқтап, әлем кубогы кезеңдерінде бірнеше медаль жеңіп алды, оның ішінде Канадада қол жеткізген алтын медалі де бар.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік