6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКөлік министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитетімен халықаралық бағыттар бойынша ұшу географиясын кеңейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар өз жалғасын табуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша, келесі жылдың 16 қаңтарынан бастап Wizz Air Abu - Dhabi әуе компаниясы Түркістан – Әбу-Даби бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосады. Рейстер Airbus A321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен орындалады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, аталған рейстер сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері жүзеге асырылатын болады.
Жаңа әуе бағыты бойынша рейстерді іске қосу Түркістан қаласының тұрғындарына Әбу-Даби қаласы арқылы транзитпен басқа бағыттар бойынша одан әрі ұшуға мүмкіндік береді. Жаңа халықаралық әуе бағытының ашылуы Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі