1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақстандық кәсіпкерлерге астананың қайта аталуына байланысты миллиондаған айыппұл салынды. Қате танымал ресейлік Wildberries маркетплейс жүйесінде орын алды, ол арқылы отандық сатушылар өз тауарларын сатады. 500-ден астам астаналық қайда жүгіну керектігін және әділдікке қалай қол жеткізу керектігін білмейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
15 наурызда ондаған кәсіпкер не болғанын анықтау үшін Астанадағы компания қоймасының жанына жиналды. Айтуларынша, сайттың техникалық қолдауы жауап бермейді.
Wildberries есептерде бәрі басқа қоймаға жөнелтілгенін жазады. Басқа қандай қойма? Бізде ол жалғыз. Ешкім ештеңе білмейді. Біреуге 20 мың, біреуге миллион, біреуге 14 миллион айыппұл келді. 25 пайыз алып қана қоймай, айыппұлдарды да беуіміз керек пе?!, - деді кәсіпкер Марина Гончаренко.
Компанияның Қазақстандағы ресми өкілдігі жоқ. Заңгер Шыңғыс Темір компанияның таныс қызметкерімен байланысып, жағдайды түсіндіруге тырысты.
Қойманы таңдау кезінде жүйе Нұр-Сұлтан қоймасын автоматты түрде таңдаған, негізі Астана қоймасын таңдау қажет болған. Бұл - техникалық мәселе. Енді маркетплейс осы есептеулерді қайта қарауға дайын екендігі туралы ақпарат келіп түсіп жатыр. Алайда «мереке қарсаңы», «мерекеден кейін» деп жүріп, ақша қайтарылмауы да мүмкін, - деді Шыңғыс Темір.
Сауда және интеграция министрлігі отандық кәсіпкерлерге көмектесе алмайтындарып айтып, айыппұлдарға қатысты сотқа жүгінуге кеңес берді.
Кейбір заңнамалық актілерге электрондық сауда шеңберінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сауда алаңдарының қызметін реттеу бөлігінде өзгерістер, толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осының аясында маркетплейстер жосықсыз тәжірибелердің тәуекелдерін жою бойынша шаралар қабылдайды, - деп түсіндірді МТИ цифрландыру департаменті директорының орынбасары Руслан Оразалиев.
Бұл түзетулер қоғамдық талқылаулардан өтті және жақын арада Үкіметтің қарауына жіберіледі.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?