23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?WhatsApp-та орыс тіліндегі дауыстық хабарламаларды мәтінге айналдыратын тегін функция қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл функцияны қосу үшін "Баптаулар" мәзіріне өтіп, "Чаттар" бөлімінде "Дауыстық хабарламаларды мәтінге айналдыру" тармағын таңдап, тілдік пакетті жүктеу қажет.
Әзірлеушілер мәліметінше, бұл функцияны қолдана алатын тілдер тізімі Android және iOS жүйелерінде әртүрлі болуы мүмкін. Орыс және ағылшын тілдері екі платформадан да қолжетімді.
Дауыстық хабарламаны мәтінге айналдыру үшін оны басып тұрып, ашылған мәзірден "Транскрипциялау" батырмасын таңдау қажет.
Мәтінге айналдыру тікелей сіздің құрылғыңызда орындалады, осылайша жеке хабарламаларыңызды тек өзіңіз оқи аласыз немесе тыңдай аласыз - олар WhatsApp-қа да қолжетімді емес, - деп сендірді әзірлеушілер.
Айта кетейік, бұл функция "алдағы апталарда" бүкіл әлемде кейбір тілдерде қолжетімді болады, ал басқа тілдер алдағы айларда қосылады деп жоспарланған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік