30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанның Ішкі істер министрлігі WhatsApp мессенджеріндегі аккаунттарға рұқсатсыз кіру жағдайлары көбейгенін ескертті. Ведомство азаматтарға жеке аккаунтын қорғау жолдарын түсіндіріп, бұзылған болуы мүмкін екенін көрсететін негізгі белгілерді атады. ІІМ мәліметінше, WhatsApp аккаунтын қорғаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі – екі сатылы тексеруді қосу.
WhatsApp аккаунтын қалай қорғауға болады?
Екі сатылы тексеруді қосу үшін WhatsApp қосымшасына кіріп, мына ретпен әрекет жасау қажет: «Баптаулар» → «Аккаунт» → «Екі сатылы тексеру» → «Қосу».
Одан кейін алты таңбалы PIN-код орнатып, аккаунтқа қолжетімділікті қалпына келтіру үшін электронды пошта мекенжайын көрсету керек. ІІМ бұл PIN-кодты ешкімге бермеуге шақырды.
Сондай-ақ қолданушыларға WhatsApp аккаунтына қосылған құрылғылар тізімін тұрақты түрде тексеріп отыру ұсынылады. Ол үшін мессенджердегі «Байланыстырылған құрылғылар» бөліміне кіріп, тізімдегі құрылғыларды қарап шығу қажет.
Егер тізімде өзіңізге тиесілі емес құрылғы анықталса, оны таңдап, «Шығу» батырмасын басу арқылы аккаунтқа кіруді тоқтатуға болады.
WhatsApp аккаунтын бұзғанын қалай білуге болады?
ІІМ аккаунтқа рұқсатсыз кірудің бірнеше белгісін атады. Олардың қатарында:
Осындай күмәнді жағдайлардың бірі байқалса, ІІМ «Байланыстырылған құрылғылар» бөліміндегі барлық белсенді сеанстарды аяқтап, екі сатылы тексеру PIN-кодын өзгертуді ұсынады.
Сонымен қатар жақын адамдарға аккаунттың қауіпсіздігіне қатысты мәселе туындағанын ескертіп, смартфон мен компьютерді зиянды бағдарламалардың бар-жоғына тексерген жөн.
Күмәнді хабарламаларға жауап бермеңіз
ІІМ азаматтарға SMS немесе мессенджер арқылы келген растау кодтарын үшінші тұлғаларға бермеу керектігін ескертті.
Сондай-ақ белгісіз адамдар жіберген күмәнді сілтемелерге өтпеу және олардың нұсқауымен бөгде қосымшаларды орнатпау қажет.
Ведомство әсіресе таныстардан келетін ақша аудару туралы шұғыл өтініштерге сақ болуға шақырды.
Егер танысыңыздан шұғыл түрде ақша аударуды сұраған хабарлама алсаңыз, онымен міндетті түрде телефон арқылы немесе басқа жолмен байланысып, хабарламаның шынымен аккаунт иесінен келгеніне көз жеткізіңіз, – деп ескертті ІІМ.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды