29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыWhatsApp мессенджері биыл 8 қыркүйектен бастап кейбір ескі смартфондарда жұмысын тоқтатады.
WabeTaInfo басылымының мәліметінше, аталған күннен бастап WhatsApp Android 5.0 және Android 5.1 операциялық жүйелерінде қолжетімсіз болады. Қосымшаны пайдалану үшін ең төменгі талап Android 6.0 болмақ.
Қазір WhatsApp Android 5.0 және одан жоғары нұсқаларда жұмыс істейді. Соның арқасында көптеген ескі құрылғы иелері мессенджерді әлі күнге дейін пайдаланып келеді.
Мамандардың айтуынша, WhatsApp-тың жаңа функциялары мен мүмкіндіктері заманауи технологиялар мен жоғары өнімділікті қажет етеді. Осыған байланысты компания ескірген операциялық жүйелерді қолдаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған.
Жаңа шектеулер күшіне енгенге дейін пайдаланушыларға чат тарихын сақтап қою ұсынылады. Ол үшін қосымша баптауларындағы Google Drive қызметі арқылы резервтік көшірме жасауға болады.
Айта кетейік, бұл өзгерістер тек Android құрылғыларына қатысты. iOS операциялық жүйесінде WhatsApp iOS 15.1 және одан жоғары нұсқаларда жұмысын жалғастыра береді.
Ескі телефонды қалай кәдеге жаратамыз?
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек