Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліИлон Маск X платформасында жаңа XChat мессенджерінің іске қосылатынын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Миллиардердің айтуынша, пайдаланушыларға шифрлау, жоғалып кететін хабарламалар, кез келген файлдарды жіберу мүмкіндігі, сондай-ақ аудио және бейнеқоңыраулар қолжетімді болады. Ол сондай-ақ мессенджердің «биткоин стиліндегі» шифрлауды қолданатынын атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Forbes Real-Time деректері бойынша байлығы 422,7 млрд долларды құрайтын әлемдегі ең бай адам Илон Маск 1 маусым күні X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында XChat мессенджерін таныстырды.
Жаңа мессенджер пайдаланушылары жоғалатын хабарламаларға, шифрлауға, кез келген файл жіберу мүмкіндігіне, сондай-ақ телефон нөмірінсіз бейне және аудио қоңырауларға қол жеткізе алады. Маск қолданбаның Rust тілінде жазылғанын және «биткоин стиліндегі» шифрлауды қолданатынын айтты. Оның сөзінше, бұл – «жаңа архитектура».
Алайда CoinDesk мәліметінше, криптоқауымдастық бұл жаңалыққа аса «қуана қоймады», себебі Маск айтқан шифрлау тәсілі нақты нені білдіретіні түсініксіз. Мэриленд университетінің компьютерлік ғылымдар кафедрасының доценті Ян Майерс X желісінде биткоин негізінен шифрлауды емес, цифрлық қолтаңбаларды қолданатынын жазды.
Бұл – NASA сутегі мен оттегін пайдаланады дегендей, зымыранымызды сумен ұшырамыз дегенмен бірдей, – деп жеткізді ол.
30 мамырда TechCrunch XChat мессенджері бета-тестілеушілерге қолжетімді болғанын хабарлады.
Портал мәліметінше, XChat Маск Twitter-ді сатып алмас бұрын пайда болған X платформасындағы қазіргі DM (тұлғалық хабарламалар) функциясының анағұрлым сенімді нұсқасы болуы мүмкін.
Бұған дейін Илон Маск роботтар құрылысшы мен дәрігер бола алатынын айтқан еді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс