29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыWhatsApp мессенджері пайдаланушыларды интернет-алаяқтардан қорғауға арналған жаңа құралды сынақтан өткізіп жатыр. Жаңа мүмкіндік күмәнді хабарламаларды анықтап, қолданушыға алдын ала ескерту жасауға мүмкіндік береді.
WABetaInfo порталының мәліметінше, жаңа функция Android жүйесіне арналған WhatsApp-тың 2.26.22.2 бета-нұсқасында байқалған. «Scam Alert» деп аталатын құрал белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларды автоматты түрде талдап, алаяқтық белгілері байқалған жағдайда пайдаланушыға ескерту жібереді. Егер жүйе хабарламаны күмәнді деп таныса, чат терезесінде арнайы хабарлама пайда болады. Осыдан кейін қолданушы өзі шешім қабылдайды: контактіні бұғаттай ма, шағымдана ма немесе әңгімені жалғастыра ма — таңдау өз еркінде болады.
Әзірлеушілердің айтуынша, жаңа мүмкіндік бейтаныс адамдармен хат алмасуға шектеу қоймайды және ешбір хабарламаны автоматты түрде бұғаттамайды. Оның негізгі мақсаты — ықтимал қауіп туралы алдын ала хабарлап, пайдаланушының сақтығын арттыру.
Сурет: WabeTaInfo сайты
Жаңа жүйенің басты ерекшеліктерінің бірі — оның міндетті емес екендігі. Scam Alert әдепкі күйде өшірулі болады. Сондықтан бұл мүмкіндікті қолданғысы келетіндер оны қосымша баптауларынан өздері белсендіруі тиіс.
Сонымен қатар ескерту барлық хабарламаға бірдей шықпайды. Ол тек алгоритм хабарламадан алаяқтыққа тән белгілерді анықтаған жағдайда ғана көрсетіледі. Құралдың іске қосылғаны басқа пайдаланушыларға көрінбейді және байланыс процесіне ешқандай әсер етпейді.
Құпиялылық мәселесіне қатысты да түсініктеме берілген. Ақпаратқа сәйкес, хабарламаларды талдау толықтай пайдаланушының құрылғысында жүзеге асады. Яғни хат алмасу мазмұны қосымша тексеру үшін WhatsApp серверлеріне жіберілмейді.
Бұл тәсіл мессенджердегі түпкілікті шифрлау жүйесінің сақталуына мүмкіндік береді. Соның арқасында хабарламалар бұрынғыдай үшінші тұлғаларға да, платформаның өзіне де қолжетімсіз болып қала береді.
Қазіргі уақытта Scam Alert функциясы әзірлеу кезеңінде тұр. WhatsApp оның нақты қашан іске қосылатынын әзірге жариялаған жоқ. Алдымен мүмкіндік бета-нұсқаларда сынақтан өтіп, кейінгі жаңартулардың бірінде барлық пайдаланушыларға қолжетімді болуы мүмкін.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек