Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыДүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Екінші орта салмақтағы Геннадий Головкин екінші орыннан бірінші орынға көтеріліп, чемпиондық титулға жақындай түсті. Еске салайық, 18 қыркүйекте (астана уақытымен) GGG барлық титулдың қазіргі иегері Сауль «Канело» Альвареспен абсолютті чемпион атағы үшін жұдырықтасады. Рейтингіде америкалық Деметриус Андраде – екінші, британдық Зак Паркер үшінші орында тұр. 15-орында болған Айдос Ербосынұлы рейтингіден шығып қалды.
Орта салмақ санатындағы Жәнібек Әлімханұлы толыққанды әлем чемпионы болып бекітілді. Мейірім Нұрсұлтанов бір сатыға көтеріліп, бесінші орынға тұрақтады. Үздік үштікте Хайме Мунгиа (Мексика), Крис Юбэнк (Ұлыбритания) және Эскива Фалькао (Бразилия) тұр.
Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек 12-ші орнын сақтап қалды. Рейтинг көшбасшылары бұрынғысынша ұлыбританиялық Арчи Шарп, бразилиялық Робсон Консейсао және Мексика боксшысы Оскар Вальдес. Чемпиондық титул АҚШ өкілі Шакур Стивенсонға тиесілі.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?