Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Ауыр салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (33-0-1, 24 КО) американдық Деонтей Уайлдермен (43-2-1, 42 КО) өткен үшінші айқас мансабындағы ең қиын жекпе-жек болғанын мойындады. Бұл туралы DAZN-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол бұл кездесу екі боксшы үшін де нағыз шайқасқа айналғанын айтады. Менің ойымша, бұл Уайлдермен үшінші жекпе-жек. Деонтей екеумізде трилогия, яғни үш титулдық жекпе-жек болды. Соның ішінде үшінші жекпе-жек менің мансабымдағы ең қиыны болды. Екеуміз де шайқасқа шықтық. Ол мені екі рет нокаутқа жіберді, мен оны үш рет нокаутқа жіберіп, 11-раундта нокаутпен аяқтадым. Тозақтағы төбелес секілді, - деді Фьюри.
Естеріңізге сала кетейік, Фьюри мен Уайлдердің алғашқы жекпе-жегі 2018 жылдың желтоқсанында өтті және тең аяқталды. 2020 жылдың ақпанында өткен екінші жекпе-жекте британдық жетінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. 2021 жылдың қазан айында өткен трилогияда Фьюри тағы да жеңіске жетті.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары