Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесінде рейтингті жаңартты. Бұл туралы Prosports.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орнын ұсынамыз:
Аса ауыр салмақта Жан Кособуцкий 12-орынмен рейтингке енді. 1 шілдеде Кособуцкий АҚШ-та жеңіліп көрмеген жергілікті боксшы Джаред Андерсонмен жұдырықтасады, ол рейтингте 11-орыннан сегізінші орынға көтерілді.
Бұл салмақтағы тағы қазақстандық боксшы Иван Дычко 15-орынды сақтап қалды. Бұл салмақта көш басында WBA титулының иегері Александр Усик тұр.
Бірінші ауыр салмақта Серік Мұсәділов 15-орнын сақтап қалды. Бұл салмақта чемпион – франциялық Арсен Гуламирян.
Суперорта салмақта жерлесіміз Бек Нұрмағанбет сегізінші орында қалды. Бұл салмақтағы суперчемпион – мексикалық Сауль Альварес.
Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек үш саты төмендеп, 13-орынға жайғасты. Бұл салмақта суперчемпион жоқ.
Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта алтыншы орында тұр. Бұл салмақта үздік атағы филиппиндік Марлон Тапалеске тиесілі.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?