Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАмерикалық Warner Bros. Discovery медиакомпаниясы өз акционерлерінің табысын арттыру мақсатында түрлі нұсқаларды қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Компанияның хабарлауынша, ықтимал нұсқалардың қатарында компанияны екіге бөлу, яғни Warner Bros. пен Discovery-ді дербес ұйымдар ретінде қалыптастыру, толықтай сату, немесе жекелеген бөлімшелерін бөлек сату мүмкіндігі қарастырылып отыр.
Warner Bros. Discovery басшылығының келісімінсіз, бірнеше аты-жөні аталмаған тараптардан сатып алу туралы бейресми ұсыныстар түскен. Осыдан кейін компания өз бизнесін толықтай немесе жартылай сату жоспары бар екенін ресми түрде жариялауға шешім қабылдаған.
Бұл жаңалық жарияланған соң, Warner Bros. Discovery акцияларының бағасы 10 пайыз өсті.
Айта кетейік, Warner Bros. Discovery компаниясы 2022 жылы AT&T құрамынан WarnerMedia бөлініп шығып, оны Discovery Inc.-пен біріктіру нәтижесінде құрылған еді.
Жақында Warner Bros. Discovery-ді сатып алуға Paramount компаниясы ниет білдірген болатын. Алайда бейресми мәліметтерге сүйенсек, Warner Bros. Discovery бұл ұсыныстан бас тартқан – себебі Paramount ұсынған баға тым төмен деп бағаланған.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова