Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЦифрландыру министрі Жаслан Мәдиев қазақстандықтарға VPN қолданудан бас тартуға кеңес берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шенеуніктің айтуынша, Қазақстанда TikTok жұмысына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі емес, Мәдениет және ақпарат министрлігі жауап береді.
VPN қолдану арқылы, керісінше, TikTok компаниясының жұмысын қиындатып жатырмыз деп ойлаймыз. Неге? Себебі IP-мекенжай ауысып кетеді, ал қазақ және орыс тілдеріндегі контентті қадағалайтын модераторлар заңға қайшы немесе модерациялауды қажет ететін трафикті тез анықтай алмай қалады, – деді Мәдиев Мәжіліс кулуарында.
Ол TikTok жұмысында кедергілер туындаған жағдайда, қазақстандық тарап осы платформаның өкілдерімен келіссөздер жүргізетінін атап өтті.
Трафикті реттеу, мен айтқандай, Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретінде. Интернетке қатысты TikTok жұмысына әсер ететіндей ешқандай мәселе байқап отырған жоқпыз, – деп түйіндеді министр.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар