6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТаразда волейболдан Қазақстан Республикасының VI Жазғы спартакиадасы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерлер арасында 13 команда: Жамбыл, СҚО, Жетісу, Атырау, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Павлодар облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалалары бақ сынауда.
Әйелдердің бәсекесінде 14 ұжым: Жамбыл, БҚО, СҚО, ШҚО, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан облыстарының және Астана, Алматы, Шымкент шаһарларының құрамалары өнер көрсетіп жатыр.
Командалар алдымен 4 топқа бөлініп, іріктеу ойындарын өткізеді. Топта 1-2 орын иеленген ұжымдар 1-8 орындар үшін таласады.
Волейбол Спартакиадасы 3 маусым күні аяқталады.
Сонымен қатар, Таразда Спартакиада аясында тағы 2 спорт түрінен жарыстар өтеді. 29 мамыр – 4 маусым аралығында су добының сайыстары, 30 мамыр – 3 маусымда дзюдо бәсекелері жоспарланған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі