7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппиннің Кандон қаласында өткен AVC Ұлттар кубогында төртінші орын алды. Отандастарымыз топтық кезеңде шашау шығармай ойнағанымен, жартылай финалда сүрінді.
Топтық кезеңдегі тартыс
А тобында Филиппин, Қытай Тайбэйі, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстан және Аустралия құрамалары өнер көрсетті. Ал Қазақстан құрамасы В тобында Иран, Гонконг, Индонезия, Ливан, Вьетнам құрамасына қарсылас атанды. Алғашқы айналымда Гонконгты 3:1 есебімен жеңді. Одан кейін Индонезияны (3:0) ұтып, Иран құрамасын 3:1 есебімен қапы қалдырды. (13:25, 25:20, 25:14, 25:18). Артынша Ливанды 3:0 есебімен ұтып, Вьетнам құрамасымен тартысты кездесу өткізді. Бес сетке созылған матчта 3:2 есебі тіркеліп, қыздар топтық кезеңді бірінші орынмен аяқтады.
Сөйтіп, топтық кезең қорытындысы бойынша әр топтан үздік екі команда жартылай финалға жолдама алды. B тобынан Қазақстан мен Вьетнам жарыс жолын жалғастырды.
Жеңістің атасы көп, жеңіліс – жалғыз
Қыздар бар күшін топтық кезеңде қалдырып кетті ме, белгісіз, жартылай финалдағы кездесу сүреңсіз өтті. Қытайлық Тайпей құрамасы отандастарымызды тырп еткізген жоқ. Өз стилі бар құрама финалға шықты. Дегенмен финалда Оңтүстік Кореяға жол берді.
Тайпей құрамасынан жеңілген соң, қазақстандықтар Вьетнам құрамасымен қола жүлдені сарапқа салды. Топтық кезеңдегідей емес, Вьетнамнан 3:0 есебімен жеңіліп, төртінші орынға ие болды. Осылайша, Оңтүстік Корея – алтын, Тайпей құрамасы – күміс, Вьетнам болса турнирдің қола жүлдесіне ие болды.
Тағы қандай турнир бар?
2026 жыл Азия волейболы үшін аса маңызды әрі тартысты маусым екені анық. Алда ерлер мен әйелдер арасындағы AVC Азия кубоктары, құрлық чемпионаттары, U18 жасөспірімдер чемпионаттары және Азия ойындары өтеді. Қазақстан құрамалары халықаралық аренада ел намысын қорғап, Азияның үздік командаларымен күш сынасады. Әрбір турнир – жаңа мүмкіндік, жаңа тәжірибе және жаңа жетістіктер жолы.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?