22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚР Парламент Мәжілісінің төрағасының орынбасары, «Қазақстанның орыс, славян, казак ұйымдарының Ассоциациясы» ҚБ төрағасы Владимир Божко Президенттің халықтың сұраныстарына тез жауап беретін «еститін мемлекет» қалыптастыру туралы тұжырымдамасына күллі қазақстандықтар, соның ішінде, әсіресе, Ассамблея бірінші болып үн қатып, қолдау білдіруі керек деді:
- «Қазақстан халықтары Ассамблеясы бұл тұрғыда елден ақпарат жинау және оны тиісті органдарға жеткізу мақсатында өзіне жауапкершілік алуы керек деп ойлаймын. Ол үшін Ассамблеяда қуатты ықпал ету құралы бар екенін ескеруіміз керек. Қоғам бірлігін қалыптастыруда Ассамблеяның еңбегі сүбелі екені рас. Алайда, біз бір міндеттің айналасына шоғырланып, қоғамның тірегі – мемлекеттік тілді оқытуға бірге күш салуымыз қажет. Мемлекеттік тіл білімі – әлеуметтік қана емес, коммерциялық та саты. Барлық этномәдени бірлестіктердің жанынан мемлекеттік тілді оқыту курстары ашылуы тиіс деп ойлаймын. Президент сонымен қатар, Қоғамдық бірлестіктердің рөлін арттыруға мән берді. Бұл ретте де біз қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қазақ интеллигенциясын, жастарын тартуымыз керек. Бұл қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтіп қана қоймай, тілмен бірге қазақ мәдениетінің, руханиятының насихатталуына жол ашады».
Бұл туралы В. Божко ҚР Ұлттық академиялық кітапханада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын талқылап, Ассамблея мен этномәдени бірлестіктерге жүктелген міндеттерді жүзеге асыру жолдарын қарастыру барысында айтқан болатын.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев