Бүгiн, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?Қазақстанда туристерге қызмет көрсететін визит-орталықтардың жұмысы бірыңғай стандарт бойынша реттеледі.
Туризм және спорт министрлігі визит-орталықтардың қызметіне қойылатын талаптарды бекітіп, олардың жұмыс тәртібін айқындайтын қағидаларды қабылдады.
Визит-орталықтарға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туристік нысандарда, бағыттарда және туристік аймақтарда орналасқан визит-орталықтардың қызметін реттейтін бірыңғай қағидаларды бекітті.
Жаңа талаптарға сәйкес, кәсіпкерлік субъектілері ашатын визит-орталықтар туристерге қажетті ақпарат пен қызмет көрсетіп, туристік сервистің сапасын арттыруға, саяхаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және заманауи туристік инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді.
Айта кетейік, биыл визит-орталықтардың мәртебесі заңнамалық деңгейде бекітілді. Енді олар туристерді ақпараттандыруға және туристік қызмет көрсетуге арналған туризм нысаны ретінде ресми танылды. Сонымен қатар визит-орталықтарды орналастыру, салу, жаңғырту, жабдықтау, күтіп-ұстау және пайдалану тәртібі заңмен реттелді.
Туристерге қандай қызмет көрсетіледі?
Қабылданған қағидаларға сәйкес, визит-орталықтар өңірлердің туристік әлеуеті, көрікті жерлері, туристік бағыттары мен нысандары туралы өзекті ақпарат ұсынады. Сондай-ақ келушілерге кеңес беріп, туристік ақпараттық орталықтармен бірлесіп мәліметтердің уақтылы жаңартылып отыруын қамтамасыз етеді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес туристік қызмет көрсетеді.
Туристерге қызмет көрсету мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Қауіпсіздікке басымдық беріледі
Құжатта туристердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған.
Туристік нысандарға немесе бағыттарға бару мүмкіндігіне әсер ететін жағдайлар туындаған кезде, бұл туралы ақпарат визит-орталықта және оның интернет-ресурсында ақпарат түскен сәттен бастап бір сағаттан кешіктірілмей жариялануы тиіс, – деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгiн, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс