22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАуыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай KGIR-2022 алаңында Қазақстанның ішкі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде мемлекет өз өндірісін ұлғайтуға және халықтың азық-түлік тауарларына тұтынушылық шығындарының үлесін төмендетуге ұмтылып жатыр.
«Ағымдағы жылы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға шамамен 900 млн доллар қарастырылған. Қаражат АӨК секторына жеңілдікпен кредит беру, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған», - деп атап өтті вице-министр.
Айта кетейік, 2022 жылдың басынан бастап агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі ұқсас кезеңмен салыстырғанда 7,5% - ға ұлғайып, 598,9 млрд теңгені құрады, оның ішінде азық-түлік өндірісі 1,3 есе өсіп, 88,8 млрд теңгеге жетті.
«Инвесторларды мемлекеттік қолдау жүйесі көп деңгейлі болып табылады және әртүрлі салалық жеңілдіктерді, сондай-ақ инвестициялық келісімшартты қамтиды. Оның шеңберінде инвестициялық жобалар корпоративтік табыс пен жер салығы, сондай-ақ мүлік салығын төлеуден босатылады. Қазақстандағы инвесторлар ірі жобаларды іске асыру үшін Үкіметпен инвестициялар туралы тікелей келісім жасасу мүмкіндігіне ие болды», - деп толықтырды Ж. Өсербай.
Жалпы Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенде қолайлы инвестициялық ахуалға ие. Ауыл шаруашылығы министрлігі өз тарапынан шетелдік әріптестермен бірлескен жобаларды қарауға және іске асыруға дайын екендігін мәлімдеді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев