29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары2025 жылдың 9 сәуірінде Мәжіліс кулуарында сыртқы істер вице-министрі Әлібек Қуантыров АҚШ президентінің қазақстандық тауарларға қатысты кедендік баж салығын 27%-ға дейін арттыру туралы шешіміне Қазақстан қалай жауап қатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тілшілер Қуантыровтан «Сыртқы істер министрлігі АҚШ үкіметімен бұл баж салығын азайту жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр ма?» деп сұрады.
Бұл мәселе қазір зерттеліп жатыр, себебі тарифтер енді ғана енгізілді. Қателеспесем, олардың мөлшері 27%-ды құрайды. Сондықтан бұл мәселе Үкімет деңгейінде талқыланып жатыр, – деді Әлібек Қуантыров.
3 сәуір күні ҚР Сауда және интеграция министрлігі (СИМ) АҚШ тарапынан бірқатар тауарға енгізілген жаңа кедендік баж салығына қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Ведомство Қазақстан Үкіметі АҚШ-пен қосымша тарифтердің қолданылмауы жөнінде консультациялар бастайтынын мәлімдеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек