Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТеңгені долларға шаққандағы бағам жыл басынан бері 2%-ға нығайып, 453,21 теңгені құрап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Виталий Тутушкиннің айтуынша, Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізген жоқ. Дегенмен жыл басынан бері ұлттық валютаның нығаюы бірнеше факторға байланысты нақтыланған.
Ең алдымен, теңге ел ішінде және резидент еместер арасында да кең қолданыста екенін айтты.
Биыл депозиттердің долларлану деңгейі өткен жылдың желтоқсан айындағы 31,6%-дан наурыз айында 29,3%-ға дейін төмендеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына шетелдік инвесторлар ағыны 126 млрд теңгеге өсті, - деді ол.
Оның айтуынша, қысқа мерзімді перспективада теңге динамикасы әлемдік нарықтардағы жағдайға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады.
Ұлттық банк теңгерімсіздіктің жиналуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін айырбас бағамы режимін сақтауды жалғастырады, - деді Виталий Тутушкин.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?