23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада интеллектуалды даму ерекшелігі бар спортшылар арасында өткен VIRTUS World Basketball Championship 2025 халықаралық чемпионатының аяқталуына орай және ауқымды «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында экологиялық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, 11 елден келген чемпионат қатысушылары Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының аумағына ағаш отырғызды.
Халықаралық делегациялар, еріктілер мен ұйымдастырушылар бірге ағаш егіп, бірлігі мен ынтымақтастығын танытып, болашаққа деген ортақ ұмтылысты көрсетті. Бұл іс-шара спортшыларды тек спорт алаңында ғана емес, қоршаған ортаға жанашырлық танытуда да біріктірді, – деді IDSPORT федерациясының президенті Дина Темірғалиева.
Отырғызылған ағаштар бұл спорттық оқиғаның естелігі ғана емес, халықтар арасындағы достықтың да символы болады.
Айта кетейік, VIRTUS World Basketball Championship 2025 – Азия тарихында алғаш рет интеллектуалды даму ерекшелігі бар спортшылар арасында осындай ауқымда өткен чемпионат. Жарысқа Қазақстан, Польша, Аустралия, Италия, Испания, Жапония, АҚШ, Франция, Венесуэла және Португалия елдерінен келген 180 спортшы қатысты.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады