6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖетісу облысында жол ережесін бұзған көлік жүргізушілерін бақылайтын «Vidar» камерасы үш айда 345 миллион теңгенің айыппұлын тіркеді, - деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Талдықорған қаласы маңындағы және облыс орталығындағы 8 бекеттегі 18 бейнекамера жол ережесін бұзған көліктерді жаппай тіркеуде.
Биылғы жылдың 1 тоқсанында жүргізілген талдауға сәйкес «VIDAR» камералары 14814 заңбұзушылықты тіркеді. Осы бұзушылықтарға жол берген автокөлік құралдарының жүргізушілеріне жалпы сомасы 345 278010 теңгеге айыппұл салынып, 260 миллионнан астамы өндірілді,- деді Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Жетісу облысының полициясы жүргізушілерге ақпаратты назарға алуға және ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі