Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыДенсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният вейптерге енгізілген шектеу, неліктен темекілерге енгізілмейтініне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс кулуарында журналистер Ажар Ғиниятқа «елімізде балаларға вейптерді сатуға, тұтынуға, тіпті дүкендерде сатылымын шектеуге ұсыныстар енгізіліп жатыр. Ал Денсаулық сақтау министрлігі темекілерге неліктен осындай шектеулер енгізбейді?» деп сұрақ қойды.
Дегенмен министр бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.
Өздеріңіз білетіндей, темекіні де балалардың тұтынуына тыйым салынған. Ересек адамдар, ол – ересектер. Теменікінің зияны жөнінде ересектерге де ескерту жасадық. Соның аясында түрлі іс-шаралар өткіздік. Темекінің сыртына «қорқынышты» суреттер қойып, қатерлі ісік тударытынын көрсеттік. Ал балалар көп нәрсені түсінбейтіндіктен, оларға қатаң шектеулер қарастырылған, - деді министр.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Қазақстанда вейп сатуға тыйым салуды ұсынды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары