13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз2025 жылдың 2 шілдесінде Вьетнамның беделді VOV3 (Voice of Vietnam) радиосы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Idols Talk: Deep» бағдарламасының арнайы шығарылымын ұсынады. Бұл туралы DimashNews мәлім етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бағдарламада әншінің халықаралық сахнадағы жолы мен өнерінің жан-жақтылығы қамтылады. Атап айтқанда, «Singer 2017» шоуындағы дебюті, түрлі музыкалық жанрдағы (классикадан попқа дейін) орындаулары, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын, француз және қытай тілдеріндегі әндері туралы баяндалады.
Хабар барысында Димаштың репертуарындағы әйгілі туындылардың бірі — «SOS d’un terrien en détresse» және «Любовь уставших лебедей» әндері тыңдарманға ұсынылады.
Бағдарламаның екінші бөлімінде 2017 жылы құрылған вьетнамдық фан-клубтың қызметі мен бастамаларына назар аударылады. Клуб мүшелері әншінің шығармашылығына қолдау көрсетіп, кездесулер ұйымдастырып, мультитілді контент әзірлеумен айналысады. Сонымен қатар, олар Димаштың мәдени миссиясын ілгерілетуге бағытталған түрлі жобаларды үйлестіреді.
Радиохабарда фан-клуб өкілдерінің Димаштың Вьетнам мен Қазақстандағы концерттеріне қатысуы, жанкүйерлік естеліктері мен әншімен өткен онлайн кездесулері туралы да айтылатын болады.
«Idols Talk: Deep» радиобағдарламасы 2025 жылғы 2 шілдеде, Вьетнам уақытымен:
сағат 08:30
15:30
және 19:30-да
VOV3 арнасында эфирге шығады.
Еске сала кетсек, жуырда Димаш Құдайберген Шанхай халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатында өнер көрсеткен болатын.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды