Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Вьетнам Социалистік Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды El.kz.
Мәселен, вьетнамдық «Vietjet Air» ірі авиакомпаниясы алдағы қыркүйек айының соңынан бастап Airbus А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2-3 рет жиілікпен Камрань – Нұр-Сұлтан және Камрань – Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
«Vietjet Air» - Вьетнамның төмен бюджетті авиатасымалдаушысы. Авиакомпания рейстерді 2007 жылы бастады. 19-дан астам бағыт бойынша әлемнің 10 еліне (Сингапур, Малайзия, Мьянма, Индонезия, Камбоджа, Тайвань, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Үндістан) халықаралық рейстерді орындайды.
Авиакомпания паркінде Airbus А320, A321, А321 neo, А330 үлгісіндегі 78 әуе кемесі бар.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс