Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсТанымал блогер Мейіржан Төребаев былтыр қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілініп, кейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылған еді. Қазіргі таңда үйқамақта отырған блогердің немен айналысып жатқанын әйелі Дана Есеева айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Блогердің айтуынша, Мейіржан Төребаев қазір үйде шығармашылықпен және бала тәрбиесімен айналысады.
Үйқамақта отыр ғой. Ол қазір екінші сценарийді жазып жатыр. Бірінші сценарийді отырған жерінде жазып бітті. Киноға арналған сценарий. Бұрыннан бері істеген ісімен айналысып жатыр. Шығармашылықтың адамын төрт қабырғаның ішіне отырғызсаң да, бәрібір ойлауға кедергі жасай алмайсың. Жұмысын жалғастырып жатыр. Ең бастысы, ол қазір балалармен. Олар бір-бірін танып жатыр. Мейіржан таңнан кешке дейін жұмыста жүретін еді. Ал демалыс күндері тауға шығатын едік. Қазір күні бойы балалармен бірге. Мектептен келгесін оқытады, сабағын жасайды, ақылын айтады. Мейіржан "әйелдер сондай мықтысыңдар. Біз, ер адамдар соны түсінбейді екенбіз. Сендер баламен үйде сабағын жасап, тамағын дайындап, әңгімелесуге сонша күш керек. Тағы сендер жұмысқа барасыңдар. Әйелдер - мықты" деп таңғалады, - деді Дана Есеева "Қыздар-ай" бағдарламасында.
Еске салайық, қазақстандық танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасы схемасына қатысы бар деген айыппен қамауға алынған болатын. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Төребаев кәмелетке толмаған бес бала тәрбиеленіп жатқан отбасының жалғыз асыраушысы, сондай-ақ күтімді қажет ететін қарт анасы болғандықтан үйқамаққа ауыстырылған болатын.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды