23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Америка Құрама Штаттарының астанасында Қазақстан тарихының екі көрнекті тұлғасы, Ұлы Отан соғысының батырлары – Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов пен Рейхстаг ғимаратында Жеңіс туын көтерген бірінші офицер, лейтенант Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай жарыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі отандас батырларға құрмет көрсету ретінде ұйымдастырды. Жарысқа Елшілік қызметкерлерінің отбасы мүшелері, АҚШ-тағы қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары қатысты.
Қатысушылар осы атаулы мерейтойдың құрметіне «100 жыл» деген жазуды сызатын маршрут бойынша 5 км қашықтықты жүгіріп өтті.
Іс-шара батылдық істерге деген ризашылықтың белгісі ғана емес, сонымен қатар Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан халқының ынтымақтастығы мен бірлігінің символына айналды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік