2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр
Өскеменде армян этномәдени бірлестігі «Вардавар» халық мерекесін атап өтті. Өткен демалыс күндері армяндар бір-біріне су шашу дәстүрлі мерекесін өткізді.
Айта кету керек, Вардавар – жаздың ең айтулы мерекесі. Дәстүр бойынша ол су құюмен шектеліп қана қоймайды, әнмен, бимен және түрлі ойындармен жалғасады. Таңнан бастап тілек білдірушілер шөміштер, шелектер, су тапаншаларымен бір-біріне су шашып, «сәлем беріп» мерекені бастайды.
«Бұл мерекені атап өту күні де кездейсоқ таңдалмаған - армяндар бұл күні пұтқа табынушылық мерекесін атап өткен және де кейбір көне дәстүрлер бүгінгі күнге дейін халықтық тойлау дәстүрлерінде ойдағыдай сақталып келеді. Біз Шығыс Қазақстанда өмір сүріп, өз салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуға мүмкіндік алып отырғанымызға қуаныштымыз, бұл біз үшін маңызды», - дейді армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Дживан Оганесұлы.
Өскеменде тілек білдірушілердің барлығы көңілді, мейірімді және ең «ылғал» дәстүрді кеңінен насихаттап, атап өтуде.
Егер тарихқа көз жүгіртсек, аға буын өкілдері, балалар су «ойындары» кезінде көшелерде, алаңдарда бір-біріне су шашып «атқылаған». Сондай-ақ, мұндай ойындарға жынысына, жасына және қоғамдық жағдайына қарамастан барлығы бірдей қатысқан.
Вардавар мерекесінде бірдеңеге көңіл толмаушылық білдіру немесе біреуді ренжіту жаман белгі саналады. Аңыз бойынша, мереке кезінде судың емдік қасиеті ашылатын көрінеді. Вардавар алманың жаңа өнімі шығатын, ұсталар мен арқан бойымен жүретіндердің мерекесі болып саналады. Сондай-ақ алма – құнарлылық пен махаббаттың белгісі. Ежелгі дәстүр бойынша, Вардаварды тойлағаннан кейін ғана алма жеуге болады екен. Халық арасында бұл бақыт әкеледі деген наным-сенім қалыптастырған.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова